Алматы қ., Республика алаңы, 15
ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
02 қазан, 2020

ZOLOTO NOMADOV Invest – бұл қаржы құралдарына қаражатты инвестициялау жолымен сақтандыру қорғанысы (өмірді сақтандыру) мен капиталды жинақтаудың үйлесімділігін білдіретін unit-linked классикалық өнімі немесе өмірді инвестициялық сақтандыру. Қарапайым жинақтаушы сақтандырудан айырмашылығы, unit-linked клиенттерге инвестициялау стратегиясын өздері таңдауға мүмкіндік береді. Nomad Life компаниясы 5000-нан астам қаржы құралдарын талдап, ірі және сенімді әлемдік компаниялардың басқаруындағы инвестициялық портфельдердің табыстылығы мен тәуекелдері тұрғысынан ең қызықты 7 қаржы құралын таңдады: «АҚШ-тың 500 ірі компаниясы», «АҚШ-тың көгілдір фишкалары», «Қытайдың қор нарығы», «Жоғары технологиялар», «Денсаулық сақтау», «Энергетика», «Алтын өндіру». Клиент өз активтерін сақтандыру полисін ресімдеу және стратегияны таңдау арқылы инвестициялайды.

«Жинақтарды көбейту үшін инвестициялар, күтпеген оқиғаларды еңсеруге мүмкіндік беретін сақтандыру және қаражатты үшінші тұлғалардың талап етуінен қорғау өнімнің артықшылықтары болып табылады. Дербес инвестициялаудан айырмашылығы активтер құнының өсуінен табыс ZOLOTO NOMADOV Invest салық салудан босатылды» - дейді «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Шарттың мерзімі 3 жылдан 15 жылға дейін, ең төменгі жарна $500 құрайды. Төлем АҚШ доллары бағамы бойынша ұлттық валютамен есептеледі. Полистің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жинақталған соманы алады, ол инвестициялау уақытында активтер құнының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Клиент өмірден өткен жағдайда, ол алдын ала тағайындаған пайда алушылар сақтандыру төлемін алады.